ШҚО-ның жас сақшылары құқықтық квестте білімдерін сынады

    1 / 4

    ШҚО-ның жас сақшылары құқықтық квестте білімдерін сынады

    Республика күні қарсаңында Өскемен қаласындағы №30 мектептің «Жас сақшы» полиция сыныбының тәрбиеленушілері «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты құқықтық квестке қатысты.

    Квест барысында оқушылар Конституция мен заңнамаға қатысты сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен топпен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Олар азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты тапсырмаларды орындап, білімдерін түрлі жағдайларда қолдануды және дұрыс шешім қабылдауды үйренді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, оларға грамоталар табысталды.

    Мұндай шаралар жас сақшылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарауға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

    Заңды білу – өз құқықтары мен міндеттерін түсінуден басталады. Ал оларды сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары