Үлкендерге құрмет көрсету - халқымыздың дана әрі байырғы дәстүрлерінің бірі

    1 / 4

    Ағымдағы жылғы 21 қазанда «М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК-да облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Үлкендерге құрмет көрсету - халқымыздың дана әрі байырғы дәстүрлерінің бірі» атты облыстық конференция өтті.

    Іс-шараға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасов қатысты.

    Конференция барысында өскелең ұрпақты тәрбиелеу, балалар мен жастар бойында үлкендерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді сақтау және волонтерлік қозғалысты дамыту мәселелері талқыланды. Ұрпақтар сабақтастығына, аға буынның өмірлік тәжірибесінің маңыздылығына және қарт адамдарға көмек пен қолдау көрсетудегі жастардың рөліне ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ, аға буын азаматтарын әлеуметтік қолдаудың, олардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің және қажетті көмек көрсетудің маңыздылығы атап өтілді. Ардагерлерге қамқорлық жасаудың, олардың мұқтаждықтарына назар аударудың және қарт адамдардың қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін жағдай жасаудың маңызы айтылды.

    Іс-шара соңында Басқарма басшысы ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы күні қарсаңында белсенді қоғамдық қызметі және ардагерлер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық Ардагерлер кеңесінің өкілдеріне, ардагерлер ұйымдарының төрағаларына грамоталар табыстады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары