Сараптамалық кеңестің құрамын қалыптастыру туралы хабарландырулар

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды.

    Сараптама кеңесінің құрамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалардың нәтижелеріне бағалау жүргізу мақсатында қалыптастырылады.

    Сараптама кеңесінің құрамына енгізу үшін кандидатуралар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылады.

    Сараптама кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

    Анықтама телефоны: 87152-465648; 87152-462901.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары