1963 жылы туған Валентин Владимирович Никулин жұмыс табуға жәрдемдесу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Мансап орталығына жүгінген болатын.
2023 жылғы қазан айында ол «Күміс жас» жобасы шеңберінде «Батыр» шаруа қожалығына тракторист болып жұмысқа орналасты.Жобаға қатысу барысында Валентин Владимирович өзін жауапкершілігі жоғары, адал әрі еңбекқор маман ретінде танытты. Мол өмірлік және кәсіби тәжірибесінің арқасында жүктелген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындап, жоғары еңбек тәртібін көрсетті.
Оның ісіне деген тиянақтылығы мен еңбеккедеген құлшынысы жұмыс берушімен әрі қарай да ынтымақтастықты жалғастыруға негіз болды. Нәтижесінде 2026 жылғықыркүйек айында жоба мерзімі аяқталған соң, Валентин Владимирович аталған шаруашылыққа тұрақты жұмысқа қабылданды.
«Күміс жас» жобасы зейнет алдындағы азаматтарға еңбек нарығына қайта оралуға ғана емес, кейіннен тұрақты жұмыс орнына бекінуге де зор мүмкіндік береді.
Валентин Владимировичтің еңбек жолы жас ерекшелігінің кәсіби табысқа еш кедергі келтірмейтінінің, ал тәжірибе мен адал еңбектің әрдайым жоғары бағаланатынының айқын дәлелі болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









