«Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылғанына 20 жыл

    «Надежда» Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесінің құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

    Мекеменің негізгі қызметі қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға жан-жақты көмек көрсетуге, сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын жүргізуге бағытталған. Бүгінгі таңда Орталықта 80-нен астам қарт пен мүгедектігі бар адам тұрады және тиісті қызметтер кешенін алады.

    Мерекелік іс-шараға мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен және қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға өз қамқорлығы мен назарын сыйлаған еңбек ардагерлері қатысты.

    Мекеменің 20 жылдығына орай, Орталық директоры көпжылдық және адал еңбегі үшін 8 қызметкеріне Басқарма басшысы Р. Елжасовтың атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары