Бір аптада ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 62 дерегі анықталды

    Бір аптада ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 62 дерегі анықталды

    12-18 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында абаттандыру қағидаларын бұзу және қоғамдық орындарды ластауға қатысты 62 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның 51-і аумақтарды тиісті деңгейде күтіп ұстамауға, ал 11-і ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты.

    Күршім және Катонқарағай аудандарында қоғамдық орындарда темекі шегу және темекі тұқылдарын жерге тастау деректері тіркелді. Тарбағатай ауданында іргелес аумақтарды күтіп ұстау талаптары бұзылып, түрлі заттар мен қалдықтар белгіленбеген жерлерге жиналған.

    Самар ауданында тұрмыстық қалдықтар мен пластик бөтелкелерге толған аумақ анықталды. Құқық бұзушыларға ескерту беріліп, аумақты тазалап, анықталған кемшіліктерді жоюға 10 тәулік уақыт берілді.

    Шемонаиха қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағына құрылыс қалдықтарын төгу дерегі анықталды. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін аумақ тазартылып, санитариялық талаптарға сай күйге келтірілді.

    Полиция қоғамдық орындардың тазалығы әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін еске салады. Абаттандыру қағидаларын сақтау — өңірде жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға қосылған үлес.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары