Қос азаматтық: ШҚО-да 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Қос азаматтық: ШҚО-да 48 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Басқа мемлекеттің азаматтығын алу Қазақстан азаматтығынан айырылуға әкеп соғады. Шетел азаматтығын алған адам бұл туралы 30 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органдарға хабарлап, Қазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

    2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 650-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Тағы 48 адам белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Осындай жағдайлардың бірі Глубокое ауданында анықталды. 63 жастағы жергілікті тұрғын 2023 жылдың шілдесінде шет мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уәкілетті органдарға уақытында хабарламаған. Оның Қазақстан Республикасының құжаттары алынып, азаматтығынан айырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелді.

    ШҚО ПД Көші-қон қызметі қос азаматтыққа Қазақстанда жол берілмейтінін еске салады. Шет мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда уәкілетті органдарға уақытында хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын тапсыру қажет.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары