ШҚО-да жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған жүргізуші анықталды

    ШҚО-да жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған жүргізуші анықталды

    Жолаушылар автобусын басқару тек жол жүрісі қағидаларын сақтаумен шектелмейді. Себебі ондаған адамның қауіпсіздігі мен өмірі жүргізушінің әрекетіне тікелей байланысты.

    «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын «Yutong» маркалы автобусын тоқтатқан.

    Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің куәлігінің қолданысы Семей қаласының сот шешімі негізінде тоқтатылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол жолаушылар тасымалдауды жалғастырған.

    Сонымен қатар полицейлер жол қозғалысы ережелеріне қатысты өзге де заңбұзушылықтарды, оның ішінде қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын анықтады.

    Аталған фактілер бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігі, 593-бабының 2-бөлігі және 572-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

    Полиция жолаушылар тасымалы саласындағы заң талаптарының сақталуын бақылауды жалғастыруда. Өйткені әрбір сапардың артында өз қауіпсіздігін жүргізушіге сеніп тапсырған адамдар тұр. Сондықтан жолаушылар қауіпсіздігіне келгенде жауапкершілік бірінші орында тұруы тиіс.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары