Әкім
Талас ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімі
Ошақбаев Болатбай Арпабекұлы 4 мамыр 1962 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылында туылған. Аққұм орта мектебінің бірінші класына 1969-жылы қабылданып, 1979 жылы осы мектептің оныншы сыныбын толық бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін 1979 жылы Жамбыл қаласындағы химия-механикалық техникумына оқуға түсіп,химия және мұнай газ өңдеу заводтарын жабдықтау мамандығы бойынша толық курсын 1982 жылы бітірген. 1982-1984 жылдары әскер қатарында Свердловск қаласында әскери міндетімді өтеген. Әскер қатарында оқу жаттығу командирінің көмекшісі болдған. 2002 жылы Қаратау агротехникалық институтының сырттай бөліміне оқуға түсіп, 2005 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Қоғамдық жұмыстарда 1986 жылдан 2001 жылға дейін Аққұм учаскелік сайлау коммиссиясының хатшысы болып бірнеше сайлау өткізуге қатысқан. 1979-1989 жылдардағы халық санағында нұсқаушы болып жұмысқа қатысқан. Нұр Отан партиясының мүшесі. Жанұяда жолдасы 2 ұл, 1 қызы бар.