
Несіпбаев Мұратбек Төлеуұлы
Талас ауданы Қаратау ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Мұратбек Төлеуұлы 1971 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.
Қазақ политехникалық институтын «Инженер-механик», Жамбыл Гуманитарлық-техникалық институтын «Экономист», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талас ауданы, Қаратау совхозында құрылыс бригадирі болып бастаған.
Әр жылдары Талас аудандық электр жүйесінің электромонтеры, «Байтұр» шаруа қожалығының төрағасы, Талас аудандық электр жүйесінің электрмен қамту шебері, бақылаушысы, Қаратау қаласы әкімі аппаратының нұсқаушысы, «Талас – таза су» кәсіпорнының бас инженері қызметтерін атқарған.
2014 жылдан бастап «Талас – таза су» кәсіпорнының директоры лауазымында еңбек етіп келді.





