
Малкайдаров Есенгелді Амангелдіұлы
Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Малкайдаров Есенгелді Амангелдіұлы 1966 жылдың 8 тамызында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Үш-Арал орта мектебіне оқуға барып, 1980 жылы комсамол ұйымының мүшелігіне қабылдандым. Орта мектепті 1983 жылы аяқтап, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына түсіп, аталған институттың толық курсын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітіріп «экономист» деген мамандықты алған. Аталған институтының 2-ші курсының басынан яғни 1984 жылдың күзінде Советтік армияның қарулы күштерінің қатарына шақырылдым. Ондағы борышымды өтеу мерзімім 1986 жылы аяқталып, сол жылы жоғарыда аталған институтының 2-ші курсына қайта қабылданды.
1989 жылы жанұялық жағдайыма байланысты академиялық демалыс алып, сол мерзімде «Жамбылводстрой» тресіне қарасты ПМК - 109 мекемесінде монтажник болып жұмысқа орналастым. 1989 жылы ПМК -109 мекемесінен өз еркіммен жұмыстан шығып, Жамбыл облыстық «Рембыттехника трестіне қарасты «Свердлов» құрылыс участігінде» «экономист» үнемдеуші болып жұмысқа орналасты. Бұл мекемеден екі аралық келісім бойынша Свердлов ауданының аумағында орналасқан «Үш-Бұлақ» автобазасына еңбек инженері болып жұмысқа орналасып, онда 1993 жылдың қаңтарына дейін жұмыс атқарды. 1993 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы «Зейнетақы қоры» мекемесінің Жамбыл бөлімшесінде маман болып жұмысқа қабылданып, аталған қордың жабылуына байланысты, 1993 жылдың шілде айында Тараз қаласы әкімдігінің халықты әлеуметтік қорғау бөліміне бас маман ретінде жұмысқа орналасты. Содан соң, кіріс түсіру бөлімінің басшысы болып тағайындалдым. 1997 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Салық полициясы органына қызметке қабылданды. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы органында 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарды. 2017 жылдың 24-ші қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет Істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінен зейнет ақыға құқық беретін қызметті өткерудің шекті жасына жетуіме байланысты қызметтен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер запасына шықты. 2017-2021 жылдар аралығында Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.



