
Бекбосын Ринат Ертайұлы
Талас ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Бекбосын Ринат Ертайұлы 1987 жылы 19 шілде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамабек ауылында дүниеге келдім.
1994 жылы Амангледі атындағы орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 2004 жылы орта мектепті аяқтады.
2004 жылы Тараз қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің заңтану факултетіне қабылданып аталған университетті 2009 жылы аяқтап, «Заңтану» мамандығын алды.
2009 -2011 жылдар аралығында Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Университеттің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша жоғарғы білім алды.
2012 жылы 24 ақпан айынан бастап, 2013 жылдың 1 тамызына дейін Талас ауданы, Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман – қаржы агенті қызметін атқарды.
23.12.2015 ж – 17.08.2017 жылдар аралыңында Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
17.08.2017 ж - 17.08.2020 жылдар аралығында Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы лауазымын атқарды.
18.08.2020 ж – 05.05.2021 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясының бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарды.
2021 жылдың 17 мамырында Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды



