Баймбетов Дархан Тобашович

    Қаратау қаласының әкімі

    Баймбетов Дархан Тобашович
    Аким

    Баймбетов Дархан Тобашович

    Қаратау қаласының әкімі

    Өмірбаян

    Баймбетов Дархан Тобашович 1979 жылы 10 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген.

    2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын экономист, 2012 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

    «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасында 5 ұл тәрбиелеуде.

    1999-2002 жылдары Ақтоғай орта мектебінің мұғалімі.

    2003-2008 жылдары Облыстық «Халық тәлімі» газетінің Талас ауданындағы меншікті тілшісі.

    2008-2010 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері.

    2010-2013 жылдары «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінің директоры.

    2013-2016 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылдық округінің әкімі.

    2016-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғарғы спорт шеберлігін арттыру мектебі» әдіскері.

    2017-2018 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі.

    2018-2019 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінің директоры.

    2019-2021 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің әкімі.

    2021 жылдың 6 қазанынан-29 қарашасына дейін Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің орынбасары.

    2021 жылдың 29 қарашасынан бастап Талас ауданы Қаратау қаласың әкімі қызметін атқарып келемін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері