Әмірбеков Әділет Рахымжанұлы

    Талас ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі

    Әмірбеков Әділет Рахымжанұлы
    Аким

    Әмірбеков Әділет Рахымжанұлы

    Талас ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Әмірбеков Әділет Рахымжанұлы 01.01.1982 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы «Көшек батыр» ауылында дүниеге келдім.

    1989 жылы Талас ауданы «Көшек батыр» ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, оны 1999 жылы бітірдім. 2000 жылы «Көшек» шаруа қожалығында жұмысшы болып жұмыс жасадым. 2004 жылы М.Х. Дулати атындағы көп салалы колледжіне оқуға түсіп, осы аталған оқу орын 2006 жылы «Тұтыну тауарларының сапасын сараптау» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша аталған оқу орнын сырттай бөліміне оқуға түсіп, 2009 жылы 30- шы маусымда аяқтадым.

    2005 жылдың мамырынан 2008 жылдың 28-ші сәуір айына дейін Жамбыл атындағы орта мектебінде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарлық қызметін атқарып келдім.

    2008 жылдың 29-шы сәуір айынан бастап Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Талас жастар орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Кеңес ауылдық округінің маманы болып жұмыс атқарып келдім.

    2008 жылдың 15- ші желтоқсанынан бастап Кеңес ауылдық округінің бас маман қызметін атқарып келдім. 2019 жылдың 25- ші қыркүйектен бастап Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының КММ –нің бөлімше басшысы қызметін атқарып келемін. 2024 жылдың 15 – шіде айынан бастап Кеңес ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалдым.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері