
Ошақбаев Болатбай Арпабекұлы
Талас ауданы Аққұм ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Ошақбаев Болатбай Арпабекұлы 4 мамыр 1962 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылында туылған.
Аққұм орта мектебінің бірінші класына 1969-жылы қабылданып, 1979 жылы осы мектептің оныншы сыныбын толық бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін 1979 жылы Жамбыл қаласындағы химия-механикалық техникумына оқуға түсіп,химия және мұнай газ өңдеу заводтарын жабдықтау мамандығы бойынша толық курсын 1982 жылы бітірген.
1982-1984 жылдары әскер қатарында Свердловск қаласында әскери міндетімді өтеген. Әскер қатарында оқу жаттығу командирінің көмекшісі болдған.
2002 жылы Қаратау агротехникалық институтының сырттай бөліміне оқуға түсіп, 2005 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Қоғамдық жұмыстарда 1986 жылдан 2001 жылға дейін Аққұм учаскелік сайлау коммиссиясының хатшысы болып бірнеше сайлау өткізуге қатысқан.
1979-1989 жылдардағы халық санағында нұсқаушы болып жұмысқа қатысқан.
Нұр Отан партиясының мүшесі. Жанұяда жолдасы 2 ұл, 1 қызы бар.
Әскери команданың жолдамасымен келіп, Жамбыл гидромелоративтік құрылыс институтының механика факультетінің сырттай бөліміне оқуға түсіп,инженер-механик мамандығын бітірген.
1984 жылы Аққұм совхозы машина-трактор жөндеу шеберханасында темір құрастырушы болып жұмысқа қабылданған.
1985-1986 жылдары Аққұм совхозында спорт нұсқаушысы болып жұмыс атқарған.
1986-1995 жылдары Аққұм совхозында техника қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс инженері болып қызмет атқарған.
1995-1998 жылдары Аққұм совхозы жанар-жағар май қоймасының меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
1998-2001 жылдың қаңтар айына дейін Аққұм ЖШС-нде кадр бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
2002 жылдың шілде айынан 2010 жылдың қаңтар айына дейін Аққұм ауылдық округі әкімінің бас маманы болып жұмыс атқардым. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Аққұм ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарып келеді.





