
Өмірбаян
Мен Назарбеков Дархан Ахмедиарович, 1984 жылы 25 тамызда Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келдім. 1991 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепке бардым. 2001 жылы аталмыш мектепті тәмамдап, Алматы экономика және статистика академиясына оқуға түстім. 2005 жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп, экономист мамандығым алдым. 2012 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірдім. Запастағы лейтенант.
2005 жылы ҚР Орталық сайлау комиссиясының «Инженерлік – техникалық орталығында» техникалық маман болып қызмет еттім.
2006 - 2007 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімиятының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының» аға әдіскері.
2007-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасында бас маман.
2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының Шағын және орта бизнесті қолдау бөлімінің басшысы.
2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасында, Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы.
2021-2024 жылдың қаңтар айына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында Заң қызметі, әлеуметтік объектілердегі жабдықтарды қауіпсіз пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы.
2024 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіндемін.




