
Қалыкулова Гүлмира Тұрмаханбетқызы
Талас ауданы әкімі аппаратының құжаттама және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бақылау бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
1974 жылы 16 желтоқсанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды ауылында туылған.
Білімі жоғары. 1992 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Талас ауданы, Шолақтау ОМС консерві цехында жұмыскер болып бастаған. 1998 - 2020 жылдары аралығында Талас аудандық жұмыспен қамту орталығы, Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 - 2022 жылдары аралығында Талас ауданы әкімінің бас инспекторы - кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы, 2022 - 2023 жылдар аралығында Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданы әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімшесінің басшысы қызметін атқарады.





