
Байкенжеев Гарифулла Тогайбекович
Талас ауданы Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Байкенжеев Ғарифулла Тоғайбекұлы 1987 жылы 5 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданы Қызыләуіт ауылында дүниеге келді. Қызыләуіт ауылындағы Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектебіне 1994 жылы бірінші сыныпқа барып, 2005 жылы мектепті бітірді. 2005-2009 жылдары аралығында Алматы қаласы Алматы экономика және статистика академиясын «есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2009-2010 жылдар аралығында әскер қатарына шақырылып, Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы «Ракета әскері және артиллерия» 60601 әскери бөлімінде әскери борышын өтеді. Отбасында Анасы, жұбайы, 1 ұл, 1 қызы бар.
21.05.2011-24.10.2011 жылдары «Керімбай Оязбекұлы атындағы Көктал» ЖШС-ның іс жүргізуші болып жұмыс істеді. 07.02.2012-31.08.2012 жылдары Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратына жастар тәжірибесімен жұмыс істеді. 11.07.2016-06.10.2016 жылдары Талас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй инспекциясы КММ-не бас маман – бухгальтер болып жұмыс істеді. 21.12.2016-12.04.2018 жылдары Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппараты КММ-не бас маман-іс жүргізуші болып, жұмыс ауыстырды. 13.04.2018-25.07.2021 жылдары аталған мекемеде бөлімше басшысы болып қызметін атқарды. 27.07.2021 жылдан бастап Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.





