Жантасов Сабит Омарович

    Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімше басшысы

    Жантасов Сабит Омарович
    Бөлім басшысы

    Жантасов Сабит Омарович

    Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімше басшысы

    Өмірбаян

    1985 жылы 13 қаңтарда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында туылған.

    Білімі жоғары. 2007 жылы М.Нәрікбаев атындағы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласында «IKAN Uni Holding» (ИКАН Юни Холдинг) ЖШС-де кадр бөлімінің инспекторы болып бастаған. 2008 - 2015 жылдары аралығында әртүрлі коммерциялық ұйымдарда заңгер, кадр бөлімінің инспекторы, кадр бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып, құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару салаларында тәжірибе жинақтаған.

    2017 жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппаратында тұрғын үй-коммуналдық бөлімшесінің бас маманы, 2021 жылдан бастап Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

    2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде бас маман, 2025 жылғы 24 шілдеден бастап Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы лауазымына тағайындалған

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері