Қызметкерлер — Мақтаарал аудандық мәслихаты аппараты

    Мақтаарал аудандық мәслихаты аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Сарсекбаев Қадыр Тұранұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Сарсекбаев Қадыр Тұранұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы

    Сарсекбаев Қадір Тұранұлы 1967 жылы туылған. Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін аяқтаған. Мамандығы- дене шынықтыру және спорт.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Басқа қызметкерлер

    35
    Айдағараев Нұрсұлтан Мұратұлы
    Бөлім басшысы

    Айдағараев Нұрсұлтан Мұратұлы

    Мақтарал аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы

    1990 жылы 9 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетысай қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін құқықтану - мамандығы бойынша бітірді .

    Үмбетәлі Сырым Бауыржанұлы
    Бас маман

    Үмбетәлі Сырым Бауыржанұлы

    Мақтарал аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маман - заңгері

    1998 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2020 жылы М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.

    Сарсекбаев Қадыр Тұранұлы
    Мәслихат депутат

    Сарсекбаев Қадыр Тұранұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Сәрсекбаев Қадір Тұранұлы 1967 жылы 11 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын 1986 жылы Кеңес әскері қатарындағы қызметтен бастаған. 1988-1993 жылдары Киров автокөлік кәсіпорнының жүргізушісі, 1993-2006 жылдары Жеке кәсіпкер қызметтерін атқарды, 2006-2017 жалдары «Тұран» шаруа қожалығының төрағасы. Өндірісте жұмыс істеумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты, II-III-V шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты. 2016 жылы 20 наурызда өткізілген сайлауда алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін дене шынықтыру және спорт мамандығын бітірген. 2017-2018 жылдары «Мақтаарал футбол клубы» директорының орынбасары. 2018 жылдың 18 шілдесінен бастап Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы. Ауданға еткен еңбектері ескеріліп, Оңүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Грамотасымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» мерекелік медалімен, аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың бірнеше грамота, алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, екі ұл екі қызы бар.

    Депутаттар
    Сарсенов Мухтар Кенжетайұлы
    Мәслихат депутат

    Сарсенов Мухтар Кенжетайұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Сарсенов Мұхтар Кенжетайұлы 1987 жылы қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келді. Жоғарғы оқу орнын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласында «Прима» ЖШС-де мерчендайзер қызметінен бастап, 2010-2011 жж аралығында Шымкент қаласындағы «Шымкентмелиорация» ЖШС-де инженер қызметін атқарды. 2011 жылы мемлекеттік қызметке қадам басып, Мақтарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы лауазымында 2015 жылға дейін қызмет етті. 2015-2018 жж аралығында Мақтарал ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас инспекторы; ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы; ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарып, мол тәжірибеге ие болған. 2018-2022 жж аралығында Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2022 жылдың қыркүйек айында «АМАNАТ» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалып, 2023 жылдың қаңтар айында «АМАNАТ» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы лауазымына сайланды.

    Депутаттар
    Бексұлтан Абзал Ермаханұлы
    Мәслихат депутат

    Бексұлтан Абзал Ермаханұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Бексұлтан Абзал Ермаханұлы, 1979 жылы 01 ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекенінде дүниеге келген. 1996 жылы Қарсыбай Спатаев атындағы орта мектебін бітірген. Шымкент қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітіріп, тарих-география пән мұғалімі мамандығына ие болған. Жұмыс өтілі – 26 жыл. 2015 жылдан бері ауыл шаруашылық саласына көңіл бөліп, егін шаруашылығымен шұғылданады. Қазіргі таңда жеке кәсіппен айналысады.

    Депутаттар
    Мырзахметов Қанат Маратұлы
    Мәслихат депутат

    Мырзахметов Қанат Маратұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Мырзахметов Қанат Маратұлы, 1984 жылы 1 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының (Ильич) қазіргі Атакент кентінде дүниеге келген. 2001 жылы Мақтарал ауданындағы Мақтарал атындағы орта мектебін бітіріп, Қазақ гуманитарлық заң университетінде заңгер мамандығы бойынша оқып білім алды. 2005 жылы университетті бітіріп, 2006 жылы осы университетте қаржы маманы бойынша оқуын жалғастырды. 2008 жылы оқуды аяқтап, жеке кәсіпкерлікпен айналысып, Ресей, Туркия, Германия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдерден сауда саттық бойынша өзіне үлкен тәжірибе жинады. 2020 жылы Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл тұрғындарын апаттық жағдайдан құтқару ісіне белсене қатысқаны үшін Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың «Адам құтқарғаны үшін» медальмен марапатталды. Отбасылы, алты ұлдың әкесі.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Даубаева Меруерт Таласбекқызы
    Мәслихат депутат

    Даубаева Меруерт Таласбекқызы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Даубаева Меруерт Таласбековна 04 тамыз 1984 жылы Славянка поселкасында дүниеге келген. 1991 жылы 1 сыныпқа барып, 2001 жылы Абылай хан мектебін бітірді. 2001 жылы «Сырдария» Университетінің «тарих» факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түсті. 2004 жылы тұрмыс құрды. 2008 жылы Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі «Пушкин ЖОМ»-не тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2010-2012 жылдар аралығында ОҚПУ педагог-психолог мамандығын аяқтады. 2008-2013 жылдар аралығында осы мектепте тарих пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2013-2018 жылдарында педагог-психолог қызметін атқарды. 2018 жылдан бері директордың оқу-тәрбие орынбасары қызметін атқарып келді. Төрт баланың анасы. 2017 жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында «Жаңартылған оқу бағдарламасын» аяқтап шықты. 2017 жылы Шымкент қаласындағы ПШО-да 3 айлық «Көшбасшы» бағдарламасын оқып шықты. 2019 жылы тәрбие орынбасарларына арналған курстық оқуды аяқтады. 2019 жылы «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша оқу бағдарламасын аяқтады. «А.Пушкин атындағы №3 ЖОМ» КММ-де еңбекті қорғау инспекторы қызметін атқарды. 2016 жылы «Ұлт ұстазы» төсбелгісінің иегері. Аудандық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегері. 2019 оқу жылы Түркістан қаласында өткен мұғалімдердің пән олимпиадасының ІІІ-орын иегері атанды. Аудан әкімі, білім бөлімінің басшыларының алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды. Көптеген алғыс хаттармен мадақтамалар иегері. 2021 жылдан бері Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №31 «Береке ЖОМ» КММ-нің директоры қызметін атқарып келеді. «Бірлік» округінде бастауыш партия төрайымы.

    Депутаттар
    Бейсенбаев Қалмырза Амалбекұлы
    Мәслихат депутат

    Бейсенбаев Қалмырза Амалбекұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Бейсенбаев Қалмырза Амалбекұлы 1966 жылы 10 мамырда киелі де қасиетті жер, ОҚО Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округі Абат елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Ж.Нұрлыбаев атындағы орта мектебіне оқуға барып 1982 жылы бітірген. 1982 жылы Ленин атындағы колхозда колхозшы 1984-1986 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1986-1990 жылдары колхозда құрылыс бөлімінде құрлысшы болып қызмет атқарды. 1990-1993 жылдары Янгиер коммуналдық техникумын (Өзбекстан Республикасы) бухгалтер мамандығы бойынша есепші мамандығын алды. 1993-1996 жылдары түрлі кәсіппен айналысты. 1996-1999 жылдары ''Өнер-Н '' шаруа қожалығының төрағасы. 1999-2004 жылдары ''Симар'' ЖШС-де су мураб. 2004 жылдан 2018 жылға дейін ''Барыс'' селолық су тұтыну кооперативінің басшысының орынбасары. 2018 жылдан бүгінгі таңға дейін ''Амалбек - ата'' шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқарып келеді. Отбасылы, әйелі Бөрібекова Жәудір 1968 жылы туылған. Бір ұл екі қыз тәрбиелеп отыр. Ұл-қыздарының барлығы жоғары білімді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Ауыл округі әкімінің Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, Ж.Нұрлыбаев орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрағасы. Аудандық жер бөлу комиссиясы мүшесі. Аудан әкімнің, ауылдық әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.

    Депутаттар
    Адамбеков Тимур Ахметұлы
    Мәслихат депутат

    Адамбеков Тимур Ахметұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты. Бюджет және экономикалық даму, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Адамбеков Тимур Ахметұлы 1967 жылы 23 ақпанда қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келді. Білімі жоғары. Инженер мамандығы. 1984 жылы қазіргі Еңбекші ауылдық округіндегі «Абай» жалпы орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Кеңес әскері қатарындағы қызметтен бастаған. 1988-2008 жылдары жеке кәсіпкер. 2008-2009 жылдары ООО «Профлогистикс» фирмасында директоры. 2009-2015 жылдары «ИНКАЙ» ЖШС-де импорт және экспорт бөлімінде бас маманы 2015-2018 жылдары жеке кәсіпкер 2018 жылдан қазіргі күнге дейін «Мырзакент - Қызмет» КММ-де директор қызметін атқаруда. Өндірісте жұмыс істеумен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты, VII шақырылымдағы Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты. Ауданға еткен еңбектері ескеріліп, 2021 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелік медальімен наградтталған.

    Депутаттар
    Мәслихат депутат

    Вакант Вакант

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы

    Депутаттар
    Саттаров Жанболат Жақсылықұлы
    Мәслихат депутат

    Саттаров Жанболат Жақсылықұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Саттаров Жанболат Жақсылықұлы 1975 жылы 19 қаңтарда, Шымкент облысы Мақтаарал ауданындағы Мырзакент кентінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Отбасылы. Отбасында ата-анасы, жұбайы және бір ұл, екі қызы бар. 1981 жылы №22 Ш.Уәлиханов атындағы орта мекептің табалдырығын аттап, 1992 жылы осы мектепті бітіріп шықты. Білімім жоғары. 1992-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлык университетінің Тауартану факультетінің Мал өнімдерінің тауартану инжинері мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2001-2004 жылдары ҚГЗУ (Қазақ гуманитарлық заң университеті) заңтану факультетін бітіріп заңгер мамандығына ие болды. Еңбек жолын 2006-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Матаарал ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы болып бастады. 2011-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық «Жұмыспен қамту орталығы 2020» мекемесінде заңгер болып жұмыс атқарды. 2013-2018 жылдар аралығы «Мырзакент мақта өңдеу зауыты» ЖШС-інде заңгер болып қызмет жасады. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Асылжан» Шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етіп келеді. 2023 жылдан бастап «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі.

    Депутаттар
    Молдабеков Сәбит Сейдуллаұлы
    Мәслихат депутат

    Молдабеков Сәбит Сейдуллаұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Молдабеков Сәбит Сейдуллаұлы 1975 жылы 31 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Өнімкер ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Ж.Нұрлыбаев орта мектебіне 1-сыныпқа барды. 1990 жылы аталған мектепте 8-сыныпты бітірді. 1990-1992 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 9-10 сыныпты бітірді. 1992-1995 жылдары Өзбекістан Республикасы, Сырдария облысының, Ақ-Алтын ауданындағы Политехникалық техникумның бухгалтерия группасын бітірген. 1995-1996 жылдары аталған Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің «Мәдениет үйінде» меңгеруші қызметін атқарды. 1996-1998 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының жұмысшысы қызметін атқарды. 1998-2001 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының есепші қызметін атқарды. 2001-2015 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының «Өнімкер», «Өркен» мақта қабылдау бекеттерінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласындағы Сырдария университетінің қаржы және аудит бакалаврын бітірді. 2015-2016 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының бас меңгерушісі қызметін атқарды. 2016-2021 жылдары «AIIG KAZAKHSTAN» мақта өңдеу зауытының мақта қабылдау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2021 жылдан бері «AIIG KAZAKHSTAN» мақта өңдеу зауытының мақта қабылдау, қаржыландыру жөніндегі директоры қызметін атқарып келеді. Отбасылы, 3 ұл 1 қыздың әкесі.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Байсеитов Нөсер Ережепұлы
    Мәслихат депутат

    Байсеитов Нөсер Ережепұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Байсейтов Носер Ережепович 12.07.1987 жылы қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент кентінде дүниеге келген. 1990 жылы қазіргі Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Көк-арал елді мекеніне қоныс аударған. 1993-2004 жылдар аралығында Т.Бигелдинов атындағы №73 орта мектебін бітірген. 2005-2008 жылдар аралығында құрылыс саласында жұмыс атқарған. 2006-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан Құқық және салалық технология колледжін бітіріп «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығына ие болған. 2009-2013 жылдары шаруа қожалықпен айналысты. 2014 жылдан қазіргі таңға дейін 1-май қосалқы станциясында кезекші электромонтёр болып жұмыс атқаруда. Отбасылы, екі баланың әкесі.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Ділдабеков Бегімхан Нұрханұлы
    Мәслихат депутат

    Ділдабеков Бегімхан Нұрханұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Ділдабеков Бегімхан Нұрханұлы, 1985 жылы 09 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жүзімдік ауылында дүниеге келген. 1993 жылдан бері Мақтаарал ауданы Н.Есентаев елді мекеніне қоныс аударып, қазіргі таңда осы елді мекеннің тұрғылықты тұрғыны. 2002 жылы Шымкент қаласындағы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университетінің қаржы және несие факультетіне түсіп, 2006 жылы бітірді. Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласындағы «Альянс банк» филиалында менеджер қызметінен бастаған. 2008 жылы «Альянс банк» филиалында жетекші маман қызметін атқарды. 2009 - 2011 жылдары АЗС №30 басшы менеджер болып қызмет атқарды. 2014 жылы МГАЭБ колледжінде есепші қызметін атқарды. 2017-2019 жылдар аралығында жеке кәсіппен айналысты. 2019 жылдан бастап «Бегим» шаруа қожалығының төрағасы болып жұмыс атқаруда.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Паяев Ділдәбек Мінайымбекұлы
    Мәслихат депутат

    Паяев Ділдәбек Мінайымбекұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Паяев Ділдәбек Мінайымбекұлы 1965 жылдың 8 желтоқсанында Өзбекстан Республикасы, Мырзашөл ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1990 жылы Ташкент қаласындағы «Тоқыма және өнеркәсіп» институтында оқып, инженер-технолог мамандығын алды. Еңбек жолын 1990 жылы бұрынғы Киров (Асықата) аудандық халыққа қызмет көрсету комбинатында директордың орынбасары болып бастаған. 1993-1995 жылдары Шымкент қалалық әкімшілігіне қарасты техникалық инспекциясында инспектор, 1995-1998 жылдары Киров ауданындағы «Ақ Алтын» АҚ-да инженер-технолог қызметін атқарған. 2000-2008 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қарасты «Активтерді оңалту және басқару» АҚ-мы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының басшысы қызметінде болды. 2013 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да, Қостанай қалалық газ шаруашылығының басшысы, Түркістан облысы бойынша Сайрам, Төлеби аудандық газ шаруашылықтарының басшысы қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Түркістан өндірістік филиалы Атакент газ шаруашылығының директоры болып қызмет атқарып келеді. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Қазақстан мұнай-газ саласының 120 жылдық мерей тойына арналған медалымен марапатталды. Отбасылы 1 қыз, 3 ұлы бар.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Төлегенов Марат Асанбайұлы
    Мәслихат депутат

    Төлегенов Марат Асанбайұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Төлегенов Марат Асанбайұлы 11.10.1978 жылы ОҚО Арыс ауданы Байырқұм ауылында дүниеге келген. 1995 жылы М.Шаханов атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1995 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық академиясына түсіп, 2001 жылы бітірген. 2001-2002 жылдар аралығында Астана қаласындағы Республикалық клиникалық ауруханада интернатура бойынша хирург мамандығына ие болған. 2002-2003 жылдары Петропавловск қаласында, жедел жәрдем ауруханасында хирург дәрігер қызметін атқарды. 2003-2006 жылдар аралығында Ақмола облысы, Шучье аудандық орталық ауруханасында, хирург дәрігер қызметін атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында Шымкент қаласы ОҚМА «Хирургия» кафедрасының ассистенты қызметін атқарды. 2009-2011ж. Астана қаласы Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында хирург дәрігер қызметін атқарды. 2011-2018 жылдары Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында қабылдау бөлімінің дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2019-2020 жылдары Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында, онкологиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2020-2023 жылдары. Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында, басшының онкология қызметі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 12.01.2024 жылдан бастап Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасы басшының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалып қәзіргі таңда сол ұжымда еңбек етіп келеді. Отбасылы, екі ұлдың әкесі.

    Депутаттар
    Әлтаев Ерғали Баратбекұлы
    Мәслихат депутат

    Әлтаев Ерғали Баратбекұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Әлтаев Ерғали Баратбекович 1977 жылдың 25 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Иіржар ауылдық округі Мақтажан елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты Қазақ, білімі жоғары. Отбасылы, бес баланың әкесі 1983 жылы Мақтажан елді мекеніндегі В.Куйбышев атындағы орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 1994 жылы осы мектепті бітірген. 1994 жылы Мақтаарал ауыл шаруашылық колледжінің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1996 жылы бітірген. 2000 жылы "Сырдария" университетінің тарих және география мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2005 жылы бітіріп тарих және география пәні мұғалімі мамандығына ие болған. 2006 жылдан бері "Мақтажан" атындағы жалпы орта мектебінде тарих және география пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Бердалиев Турсунбай Мухтарович
    Мәслихат депутат

    Бердалиев Турсунбай Мухтарович

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Бердалиев Турсунбай Мухтарович, 16 қыркүйек 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы ІІІ-Интернационал колхозында дүниеге келген. 1970-1980 жж «ІІІ-Интернационал» атындағы орта мектептің оқушысы. 1980-1981 жж ІІІ-Интернационал колхозында №2 мақта бригадасының жұмысшысы. 1981-1986 жж Украина КСР, Харьков қаласы, автомобиль жолдары институтының студенті. 1986-1988 жж Ташкент қаласы, «Средазнефтегазстрой» трестінің №5 механикалық басқармасының механигі. 1988-1996 жж Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы ІІІ-Интернационал колхозында спортинструктор, комсомол комитетінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, колхоз бастығының орынбасары. 1996-2019 жж «Устухан» өндірістік кооперативы, «Бескетік» су пайдаланушылар селолық тұтынушылар кооперативы, «Интер» селолық тұтынушылар кооперативының басшысы. 2019-2021 жж Түркістан облысы Мақтаарал ауданы «ИНТЕР-3» ауыл шаруашылыгы өндірістік кооперативының төрағасы. 2021 жылдан бастап Мақтаарал және Жетісай аудандарының «ХАДИ-Қазақстан» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы. Отбасылы, білімі жоғары. Украина КСР, Харьков автомобиль жолдары институтын, «Сырдария» университетін, Агроөнеркәсіптік комплексті басқарудың республикалық жоғары мектебін бітіргенмін. Мамандығым – инженер-механик, заңгер, ауыл шаруашылық кәсіпорнының ұйымдастырушысы (менеджері). Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы, Халықаралық құқық қорғау орталығының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби медиаторы.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Ерназаров Серікбай Қожамбердіұлы
    Мәслихат депутат

    Ерназаров Серікбай Қожамбердіұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Ерназаров Серікбай Қожамбердіұлы, 1984 жылдың 05 желтоқсанда Өзбекистан Республикасы, Сырдария облысы, Сырдария ауданы, Синдоробод ауылында шаруа отбасында дүниеге келген, қәзіргі таңда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Ерманов көшесі №22 үйінің тұрғыны. 1991-1998 жылдары Сырдария ауданы, Синдоробод ауылындағы №25 орта мектепте оқып, үздік бітірген. 1998-2001 жылдары СПТУ колледжінде бухгалтер мамандығы бойынша білімге ие болған. 2002-2006 жылдары Ташкент қаласындағы «Ташкент аграрлық университетінде бухгалтер мамандығы бойынша жоғары білімге ие болдым. 2008-2009 жж. –Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының Жетісай қаласындағы «Қазпочта» ОҚОФ операторы; 2009-2011жж.– Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының «Смайл» шаруа қожалығының бухгалтері; 2011-2015жж.– Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының «Береке» шаруа қожалығының заңгер, агономы, бас агрономы; 2015-2019жж.– Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының «Ерназар» шаруа қожалығының төрағасы, «Эрназаров» жеке кәсіпкер төрағасы. және «Syngenta», «Nunhem», «Basf», «Dupont» және «Агровей» Мақтаарал ауданының өкілі. 2015 жылдан бастап «Syngenta», «Nunhem», «Basf», «Dupont» және «Агровей» Мақтаарал ауданының өкілі. Еңбек жолын 2008 жылдан бухгалтер оператор болып бастады. Бухгалтер, агрономдық қызметте болған уақытында өз міндеттерін адал атқарып, ауыл шаруашылығы саласында көкөніс, бау-бақша дақылдары мен мақта дақылының кең көлемде сапалы өнімдердің өнімділігін артыруда және «Мақта дақылының кеш егілуіне байланысты жүргізілетін қоза баптау технологиялары» бойынша да барлық іс-шараларға белсенді түрде үлкен жауапкершілікпен атқарған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Мақтаарал ауданы әкімінің және мәслихатының бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, бес баланың әкесі.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Бабаев Шокир Туркмонович
    Мәслихат депутат

    Бабаев Шокир Туркмонович

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Бабаев Шокир Турконұлы 1973 жылы 30 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Хайдар ауылында дүниеге келген. 1980-1990 жылдар аралығында Хайдар ауылындағы «Садриддин Айни» атындағы №55 орта мектебін оқып бітірген. 1992-1997 жылдар аралығында Томск қаласындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің «химия-биология» факультетін бітіріп химия-биология пәні мұғалімі мамандығының иегері болды. Еңбек жолын «Садриддин Айни» атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімінен бастады. 2002 жылы педагогикалық біліктілігі, ұйымдастыра, басқара білу шеберлігі ескеріліп мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдан қазіргі таңға дейін «Садриддин Айни» атындағы №55 жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі. 2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсын аяқтады. Шокир Туркмонұлының Қазақстан Республикасының Білім беру саласына, талай жылдар бойы шәкірт оқытып-тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесі, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі ретінде қоғамдық келісім мен азаматтық қоғамның толеранттылығын нығайту жолында аудан және облыс көлемінде іс-шараларға белсенді қатысып, ел аралық бірлікті дамыту жолындағы ерен еңбегі, Мақтаарал ауданының қоғамдық жұмыстарын жүзеге асырудағы табандылығы мен тұрақтылығы жоғары бағаланып, әр жылдарда түрлі мадақ-мақтау, медальдармен марапатталады. Атап айтқанда, 2014 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясына -20 жыл, 2018 жылы «Мақтаарал ауданына-90 жыл», 2019 жылы ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына -25 жыл», 2020 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясына-25 жыл» Мерекелік медальдармен марапатталды. Отбасылы, төрт ұл екі қыздың әкесі.

    Мәслихат сессиясыТұрақты комиссияларДепутаттар
    Маханбетов Асан Жақыпбекұлы
    Қызметкерлер

    Маханбетов Асан Жақыпбекұлы

    Мақтаарал ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Мақтаарал ауданы Қоғамдық кеңесінің Аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану, мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі комитетінің төрағасы

    «Демеу» отбасын қолдау орталығының бөлім басшысы

    Қоғамдық кеңес
    Шымбаев Нұралы
    Қызметкерлер

    Шымбаев Нұралы

    Мақтаарал ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Зейнеткер

    Шымбаев Нұралы 1952 жылғы 1 ақпанда Келес ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы совхоздың Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1970 жылы Ғ. Мұратбаев атындағы совхоздағы Қызыл әскер орта мектебін тәмамдаған. 1971 жылы Ташкент қаласындағы Халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1976 жылы аталған оқу орнын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. 1976–1977 жылдары Хабаровск қаласында Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.

    Қоғамдық кеңес