Бабаев Шокир Туркмонович

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Бабаев Шокир Туркмонович
    Депутат маслихата

    Бабаев Шокир Туркмонович

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Бабаев Шокир Турконұлы 1973 жылы 30 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Хайдар ауылында дүниеге келген. 1980-1990 жылдар аралығында Хайдар ауылындағы «Садриддин Айни» атындағы №55 орта мектебін оқып бітірген. 1992-1997 жылдар аралығында Томск қаласындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің «химия-биология» факультетін бітіріп химия-биология пәні мұғалімі мамандығының иегері болды. Еңбек жолын «Садриддин Айни» атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімінен бастады. 2002 жылы педагогикалық біліктілігі, ұйымдастыра, басқара білу шеберлігі ескеріліп мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдан қазіргі таңға дейін «Садриддин Айни» атындағы №55 жалпы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді. Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі. 2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсын аяқтады. Шокир Туркмонұлының Қазақстан Республикасының Білім беру саласына, талай жылдар бойы шәкірт оқытып-тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесі, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі ретінде қоғамдық келісім мен азаматтық қоғамның толеранттылығын нығайту жолында аудан және облыс көлемінде іс-шараларға белсенді қатысып, ел аралық бірлікті дамыту жолындағы ерен еңбегі, Мақтаарал ауданының қоғамдық жұмыстарын жүзеге асырудағы табандылығы мен тұрақтылығы жоғары бағаланып, әр жылдарда түрлі мадақ-мақтау, медальдармен марапатталады. Атап айтқанда, 2014 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 2015 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясына -20 жыл, 2018 жылы «Мақтаарал ауданына-90 жыл», 2019 жылы ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарына -25 жыл», 2020 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясына-25 жыл» Мерекелік медальдармен марапатталды. Отбасылы, төрт ұл екі қыздың әкесі.

    «Садриддин Айни» атындағы №55 жалпы орта мектебінің директоры

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері