Паяев Ділдәбек Мінайымбекұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Паяев Ділдәбек Мінайымбекұлы
    Депутат маслихата

    Паяев Ділдәбек Мінайымбекұлы

    Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Паяев Ділдәбек Мінайымбекұлы 1965 жылдың 8 желтоқсанында Өзбекстан Республикасы, Мырзашөл ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1990 жылы Ташкент қаласындағы «Тоқыма және өнеркәсіп» институтында оқып, инженер-технолог мамандығын алды.
    Еңбек жолын 1990 жылы бұрынғы Киров (Асықата) аудандық халыққа қызмет көрсету комбинатында директордың орынбасары болып бастаған. 1993-1995 жылдары Шымкент қалалық әкімшілігіне қарасты техникалық инспекциясында инспектор, 1995-1998 жылдары Киров ауданындағы «Ақ Алтын» АҚ-да инженер-технолог қызметін атқарған. 2000-2008 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қарасты «Активтерді оңалту және басқару» АҚ-мы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының басшысы қызметінде болды. 2013 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-да, Қостанай қалалық газ шаруашылығының басшысы, Түркістан облысы бойынша Сайрам, Төлеби аудандық газ шаруашылықтарының басшысы қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Түркістан өндірістік филиалы Атакент газ шаруашылығының директоры болып қызмет атқарып келеді. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Қазақстан мұнай-газ саласының 120 жылдық мерей тойына арналған медалымен марапатталды. Отбасылы 1 қыз, 3 ұлы бар.

    «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Түркістан өндірістік филиалы Атакент газ шаруашылығының директоры

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері