
Өмірбаян
Бейсенбаев Қалмырза Амалбекұлы 1966 жылы 10 мамырда киелі де қасиетті жер, ОҚО Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округі Абат елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Ж.Нұрлыбаев атындағы орта мектебіне оқуға барып 1982 жылы бітірген. 1982 жылы Ленин атындағы колхозда колхозшы 1984-1986 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1986-1990 жылдары колхозда құрылыс бөлімінде құрлысшы болып қызмет атқарды. 1990-1993 жылдары Янгиер коммуналдық техникумын (Өзбекстан Республикасы) бухгалтер мамандығы бойынша есепші мамандығын алды. 1993-1996 жылдары түрлі кәсіппен айналысты. 1996-1999 жылдары ''Өнер-Н '' шаруа қожалығының төрағасы. 1999-2004 жылдары ''Симар'' ЖШС-де су мураб. 2004 жылдан 2018 жылға дейін ''Барыс'' селолық су тұтыну кооперативінің басшысының орынбасары. 2018 жылдан бүгінгі таңға дейін ''Амалбек - ата'' шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқарып келеді. Отбасылы, әйелі Бөрібекова Жәудір 1968 жылы туылған. Бір ұл екі қыз тәрбиелеп отыр. Ұл-қыздарының барлығы жоғары білімді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Ауыл округі әкімінің Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, Ж.Нұрлыбаев орта мектебінің ата-аналар комитетінің төрағасы. Аудандық жер бөлу комиссиясы мүшесі. Аудан әкімнің, ауылдық әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
"Амалбек-Ата" Шаруа қожалығының төрағасы




