
Ерназаров Серікбай Қожамбердіұлы
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Ерназаров Серікбай Қожамбердіұлы, 1984 жылдың 05 желтоқсанда Өзбекистан Республикасы, Сырдария облысы, Сырдария ауданы, Синдоробод ауылында шаруа отбасында дүниеге келген, қәзіргі таңда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Ерманов көшесі №22 үйінің тұрғыны.
1991-1998 жылдары Сырдария ауданы, Синдоробод ауылындағы №25 орта мектепте оқып, үздік бітірген. 1998-2001 жылдары СПТУ колледжінде бухгалтер мамандығы бойынша білімге ие болған.
2002-2006 жылдары Ташкент қаласындағы «Ташкент аграрлық университетінде бухгалтер мамандығы бойынша жоғары білімге ие болдым.
2008-2009 жж. –Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының Жетісай қаласындағы «Қазпочта» ОҚОФ операторы;
2009-2011жж.– Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының «Смайл» шаруа қожалығының бухгалтері;
2011-2015жж.– Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының «Береке» шаруа қожалығының заңгер, агономы, бас агрономы;
2015-2019жж.– Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының «Ерназар» шаруа қожалығының төрағасы, «Эрназаров» жеке кәсіпкер төрағасы. және «Syngenta», «Nunhem», «Basf», «Dupont» және «Агровей» Мақтаарал ауданының өкілі.
2015 жылдан бастап «Syngenta», «Nunhem», «Basf», «Dupont» және «Агровей» Мақтаарал ауданының өкілі.
Еңбек жолын 2008 жылдан бухгалтер оператор болып бастады.
Бухгалтер, агрономдық қызметте болған уақытында өз міндеттерін адал атқарып, ауыл шаруашылығы саласында көкөніс, бау-бақша дақылдары мен мақта дақылының кең көлемде сапалы өнімдердің өнімділігін артыруда және «Мақта дақылының кеш егілуіне байланысты жүргізілетін қоза баптау технологиялары» бойынша да барлық іс-шараларға белсенді түрде үлкен жауапкершілікпен атқарған.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, Мақтаарал ауданы әкімінің және мәслихатының бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған.
Отбасылы, бес баланың әкесі.
«Ерназар» шаруа қожалығының төрағасы




