
Өмірбаян
Молдабеков Сәбит Сейдуллаұлы 1975 жылы 31 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Өнімкер ауылында дүниеге келген.
1982 жылы Ж.Нұрлыбаев орта мектебіне 1-сыныпқа барды. 1990 жылы аталған мектепте 8-сыныпты бітірді. 1990-1992 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде 9-10 сыныпты бітірді.
1992-1995 жылдары Өзбекістан Республикасы, Сырдария облысының, Ақ-Алтын ауданындағы Политехникалық техникумның бухгалтерия группасын бітірген.
1995-1996 жылдары аталған Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің «Мәдениет үйінде» меңгеруші қызметін атқарды.
1996-1998 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының жұмысшысы қызметін атқарды.
1998-2001 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының есепші қызметін атқарды.
2001-2015 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының «Өнімкер», «Өркен» мақта қабылдау бекеттерінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласындағы Сырдария университетінің қаржы және аудит бакалаврын бітірді.
2015-2016 жылдары Мырзакент мақта өңдеу зауытының бас меңгерушісі қызметін атқарды.
2016-2021 жылдары «AIIG KAZAKHSTAN» мақта өңдеу зауытының мақта қабылдау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдан бері «AIIG KAZAKHSTAN» мақта өңдеу зауытының мақта қабылдау, қаржыландыру жөніндегі директоры қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 3 ұл 1 қыздың әкесі.
«AIIG KAZAKHSTAN» мақта өңдеу зауытының мақта қабылдау, қаржыландыру жөніндегі директоры




