
Өмірбаян
Сарсенов Мұхтар Кенжетайұлы 1987 жылы қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келді. Жоғарғы оқу орнын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласында «Прима» ЖШС-де мерчендайзер қызметінен бастап, 2010-2011 жж аралығында Шымкент қаласындағы «Шымкентмелиорация» ЖШС-де инженер қызметін атқарды. 2011 жылы мемлекеттік қызметке қадам басып, Мақтарал ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы лауазымында 2015 жылға дейін қызмет етті. 2015-2018 жж аралығында Мақтарал ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы; мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас инспекторы; ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы; ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарып, мол тәжірибеге ие болған. 2018-2022 жж аралығында Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2022 жылдың қыркүйек айында «АМАNАТ» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалып, 2023 жылдың қаңтар айында «АМАNАТ» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы лауазымына сайланды.
«АМАNАТ» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы




