
Саттаров Жанболат Жақсылықұлы
Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Саттаров Жанболат Жақсылықұлы 1975 жылы 19 қаңтарда, Шымкент облысы Мақтаарал ауданындағы Мырзакент кентінде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Отбасылы. Отбасында ата-анасы, жұбайы және бір ұл, екі қызы бар. 1981 жылы №22 Ш.Уәлиханов атындағы орта мекептің табалдырығын аттап, 1992 жылы осы мектепті бітіріп шықты. Білімім жоғары. 1992-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлык университетінің Тауартану факультетінің Мал өнімдерінің тауартану инжинері мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2001-2004 жылдары ҚГЗУ (Қазақ гуманитарлық заң университеті) заңтану факультетін бітіріп заңгер мамандығына ие болды.
Еңбек жолын 2006-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Матаарал ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы болып бастады. 2011-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық «Жұмыспен қамту орталығы 2020» мекемесінде заңгер болып жұмыс атқарды. 2013-2018 жылдар аралығы «Мырзакент мақта өңдеу зауыты» ЖШС-інде заңгер болып қызмет жасады.
2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Асылжан» Шаруа қожалығының төрағасы болып еңбек етіп келеді. 2023 жылдан бастап «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі.
"Асылжан" шаруа қожалығының төрағасы




