
Өмірбаян
Төлегенов Марат Асанбайұлы 11.10.1978 жылы ОҚО Арыс ауданы Байырқұм ауылында дүниеге келген.
1995 жылы М.Шаханов атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1995 жылы Ақмола мемлекеттік медициналық академиясына түсіп, 2001 жылы бітірген.
2001-2002 жылдар аралығында Астана қаласындағы Республикалық клиникалық ауруханада интернатура бойынша хирург мамандығына ие болған.
2002-2003 жылдары Петропавловск қаласында, жедел жәрдем ауруханасында хирург дәрігер қызметін атқарды.
2003-2006 жылдар аралығында Ақмола облысы, Шучье аудандық орталық ауруханасында, хирург дәрігер қызметін атқарды.
2006-2009 жылдар аралығында Шымкент қаласы ОҚМА «Хирургия» кафедрасының ассистенты қызметін атқарды.
2009-2011ж. Астана қаласы Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында хирург дәрігер қызметін атқарды.
2011-2018 жылдары Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында қабылдау бөлімінің дәрігері қызметін атқарды.
2018-2019 жылдары Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында, онкологиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2020-2023 жылдары. Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасында, басшының онкология қызметі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
12.01.2024 жылдан бастап Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасы басшының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалып қәзіргі таңда сол ұжымда еңбек етіп келеді.
Отбасылы, екі ұлдың әкесі.
Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасы басшының міндетін атқарушы




