Шымбаев Нұралы

    Мақтаарал ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Зейнеткер

    Шымбаев Нұралы
    Қызметкерлер

    Шымбаев Нұралы

    Мақтаарал ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Зейнеткер

    Өмірбаян

    Шымбаев Нұралы 1952 жылғы 1 ақпанда Келес ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы совхоздың Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

    1970 жылы Ғ. Мұратбаев атындағы совхоздағы Қызыл әскер орта мектебін тәмамдаған. 1971 жылы Ташкент қаласындағы Халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1976 жылы аталған оқу орнын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

    1976–1977 жылдары Хабаровск қаласында Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген.

    Еңбек жолын 1978 жылы Мақтаарал ауданындағы «Коммунизм» совхозында аға есепші қызметінен бастаған. 1984 жылы осы совхозға бас есепші болып тағайындалған. 1998 жылға дейін аталған шаруашылықта (кейіннен атауы «Еңбекші» қауымдастығы, одан әрі «Еңбекші» өндірістік кооперативі болып өзгерген) бас есепші қызметін атқарған.

    2000–2002 жылдары «Мырзакент» акционерлік қоғамында агроном-куратор қызметін атқарған. 2003 жылдан 2015 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанға дейін «Мырзакент корпорациясы» ЖШС-де таразбан меңгерушісі болып жұмыс істеген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері