
Өмірбаян
Даубаева Меруерт Таласбековна 04 тамыз 1984 жылы Славянка поселкасында дүниеге келген. 1991 жылы 1 сыныпқа барып, 2001 жылы Абылай хан мектебін бітірді. 2001 жылы «Сырдария» Университетінің «тарих» факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түсті. 2004 жылы тұрмыс құрды. 2008 жылы Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі «Пушкин ЖОМ»-не тарих пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2010-2012 жылдар аралығында ОҚПУ педагог-психолог мамандығын аяқтады. 2008-2013 жылдар аралығында осы мектепте тарих пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2013-2018 жылдарында педагог-психолог қызметін атқарды. 2018 жылдан бері директордың оқу-тәрбие орынбасары қызметін атқарып келді. Төрт баланың анасы. 2017 жылы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында «Жаңартылған оқу бағдарламасын» аяқтап шықты. 2017 жылы Шымкент қаласындағы ПШО-да 3 айлық «Көшбасшы» бағдарламасын оқып шықты. 2019 жылы тәрбие орынбасарларына арналған курстық оқуды аяқтады. 2019 жылы «Кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша оқу бағдарламасын аяқтады. «А.Пушкин атындағы №3 ЖОМ» КММ-де еңбекті қорғау инспекторы қызметін атқарды. 2016 жылы «Ұлт ұстазы» төсбелгісінің иегері. Аудандық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегері. 2019 оқу жылы Түркістан қаласында өткен мұғалімдердің пән олимпиадасының ІІІ-орын иегері атанды. Аудан әкімі, білім бөлімінің басшыларының алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталды. Көптеген алғыс хаттармен мадақтамалар иегері. 2021 жылдан бері Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №31 «Береке ЖОМ» КММ-нің директоры қызметін атқарып келеді. «Бірлік» округінде бастауыш партия төрайымы.
"Береке" жалпы орта мектебінің директоры




