Қызметкерлер — Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Асылова Бибігүл Амангелдіқызы
    Аппарат басшысы

    Асылова Бибігүл Амангелдіқызы

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының басшысы

    Асылова Бибігүл Амангелдіқызы 1975 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген «Нархоз» университетін бітірген – экономист (1996)

    Нұрмұханов Бақыт Маратұлы
    Төрағаның орынбасары

    Нұрмұханов Бақыт Маратұлы

    Конституциялық Сот төрағасының орынбасары

    Нұрмұханов Бақыт Маратұлы 1979 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2010).

    Азимова Эльвира Әбілхасымқызы
    Төраға

    Азимова Эльвира Әбілхасымқызы

    Конституциялық Сотының Төрағасы

    Эльвира Әбілхасымқызы Азимова 1973 жылы дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1

    Басқа қызметкерлер

    22
    Нұрмұханов Бақыт Маратұлы
    Қызметкерлер

    Нұрмұханов Бақыт Маратұлы

    Конституциялық Сот төрағасының орынбасары

    Нұрмұханов Бақыт Маратұлы 1979 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2010).

    Абдолла Сәкен Жүсіпахметұлы
    Қызметкерлер

    Абдолла Сәкен Жүсіпахметұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Абдолла Сәкен Жүсіпахметұлы 1964 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР-інің Шымкент қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Заңгер», «Экономист» біліктіліктері бойынша тәмамдаған (1986, 2003). Заң ғылымдарының кандидаты (2003).

    Жақаева Лейла Сұлтанқызы
    Қызметкерлер

    Жақаева Лейла Сұлтанқызы

    Конституциялық Сот судьясы

    Жақаева Лейла Сұлтанқызы 1960 жылғы 3 наурызда дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (1982), М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетінің аспирантурасын (1987) тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты (1988). Доцент (2005). Ресей Федерациясының заң ғылымдарының докторы (2008), Ресей Федерациясы Жоғары аттестаттау комиссиясының дипломы Қазақстан Республикасында расталған (2013).

    Жатқанбаева Айжан Ержанқызы
    Қызметкерлер

    Жатқанбаева Айжан Ержанқызы

    Конституциялық Сот судьясы

    Жатқанбаева Айжан Ержанқызы 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты (1999), заң ғылымдарының докторы (2009). Еңбек жолын С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде референт болып бастаған (1989–1992).

    Сапаров Ерлан Әскербекұлы
    Аппарат басшысының орынбасары

    Сапаров Ерлан Әскербекұлы

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасары

    Сапаров Ерлан Әскербекұлы 1968 жылы дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы
    Қызметкерлер

    Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы 1964 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. 1985 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО прокуратура органдарының басшы кадрларының біліктілігін арттыру институтын бітірген. 2018 жылы Алматы қаласындағы AlmaU Бизнес жоғары мектебінің DBA бағдарламасын аяқтаған.

    Сыздықов Бекболат Ермекұлы
    Аппарат басшысының орынбасары

    Сыздықов Бекболат Ермекұлы

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасары

    Сыздықов Бекболат Ермекұлы 1976 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін бітірген.

    Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы
    Қызметкерлер

    Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы

    Конституциялық Сот судьясы

    Қыдырбаева Айгүл Куанышбайқызы 1967 жылғы 21 тамызда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1989) «Құқықтану» мамандығы бойынша, Экономика және құқық академиясын (2008) «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Ескендіров Асан Қайруллаұлы
    Қызметкерлер

    Ескендіров Асан Қайруллаұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Ескендіров Асан Қайроллаұлы 1971 жылғы 21 маусымда дүниеге келген. 1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Мусин Қанат Сергейұлы
    Қызметкерлер

    Мусин Қанат Сергейұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Мүсин Қанат Сергейұлы 1966 жылы 27 ақпанда ҚазССР, Целиноград қаласында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Аға әділет кеңесшісі. Қаржы полициясының полковнигі.

    Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы
    Қызметкерлер

    Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Оңғарбаев Еркін Әнуәрұлы 1961 жылғы 3 қыркүйекте дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1984) «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның құрметті заңгері. 1990 жылы Мәскеу қаласында «Классификация преступлений и ее уголовно-правовое значение» тақырыбында заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған. 1999 жылы Ресей ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында (Мәскеу қ.) «Теоретические проблемы классификации преступлений по уголовному праву Республики Казахстан» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.

    Подопригора Роман Анатольевич
    Қызметкерлер

    Подопригора Роман Анатольевич

    Конституциялық Сот судьясы

    Подопригора Роман Анатольевич 1966 жылғы 25 маусымда дүниеге келген. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ғылыми дәрежелері: заң ғылымдарының кандидаты (1993), заң ғылымдарының докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы – «Административно-правовое регулирование деятельности религиозных объединений в зарубежных странах». Профессор (2019).

    Скрябин Сергей Васильевич
    Қызметкерлер

    Скрябин Сергей Васильевич

    Судья Конституционного Суда

    Скрябин Сергей Васильевич 1968 жылғы 2 тамызда РКФСР, Башқұрт АКСР, Белорецк ауданының Тирлян кентінде дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша «Заңгер» біліктілігімен үздік аяқтаған (1989–1994). Заң ғылымдарының кандидаты (1999). Доцент (2001).

    Тукиев Аслан Сұлтанұлы
    Қызметкерлер

    Тукиев Аслан Сұлтанұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Тукиев Аслан Сұлтанұлы 1979 жылғы 10 тамызда дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын «Заңгер» мамандығы бойынша (2000), Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша (2004) тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты. Доцент.

    Ударцев Сергей Федорович
    Қызметкерлер

    Ударцев Сергей Федорович

    Конституциялық Сот судьясы

    Ударцев Сергей Федорович 1951 жылғы 28 тамызда дүниеге келген. 1973 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1976 жылы ҚазМУ аспирантурасын, 1981 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басшы кадрлардың біліктілігін арттыру институтын, 1990 жылы Қоғамдық ғылымдар академиясының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру факультетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1998), Қазақстан Заң ғылымдары академиясының академигі (2004). Қазақстанның құрметті заңгері (2015).