
Ескендіров Асан Қайруллаұлы
Конституциялық Сот судьясы
Өмірбаян
Ескендіров Асан Қайроллаұлы
1971 жылғы 21 маусымда дүниеге келген.
1996 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Көкшетау қаласындағы КДА зауытында слесарь болып бастаған.
1991–1994 жылдары Көкшетау облысы Ішкі істер басқармасының сараптамалық-криминалистикалық бөлімінде сарапшы қызметін атқарған.
1994–1996 жылдары Көкшетау облыстық әділет басқармасында консультант, жетекші маман, бас маман болып жұмыс істеген.
1996–1998 жылдары Көкшетау қалалық сотының, 1998–1999 жылдары Астана қаласы Алматы аудандық сотының, 1999–2002 жылдары Ақмола облыстық сотының судьясы болды.
2002–2008 жылдары Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, 2008–2012 жылдары Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметтерін атқарды.
2012–2015 жылдары Ақмола облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болды.
2016–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.
Марапаттары
2025 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
«Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі, «Мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі, «Мінсіз қызметі үшін» I дәрежелі, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» (2025) медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2022) марапатталған.





