Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы
    Қызметкерлер

    Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы

    Конституциялық Сот судьясы

    Өмірбаян

    Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы

    1964 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген.
    1985 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
    1990 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО прокуратура органдарының басшы кадрларының біліктілігін арттыру институтын бітірген. 2018 жылы Алматы қаласындағы AlmaU Бизнес жоғары мектебінің DBA бағдарламасын аяқтаған.

    Еңбек жолының негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы қызметімен байланысты. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында, Мемлекеттік тергеу комитетінде және Ішкі істер министрлігінде, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
    Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымы кезеңінде Парламенттің Заң шығару қызметі және мониторинг орталығының директоры, сондай-ақ Парламент Мәжілісі Аппаратының Заңнама бөлімінің меңгерушісі болды.
    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші және төртінші шақырылымдарының Төрағаларының кеңесшісі қызметін атқарған.
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, «KEGOC» АҚ-ның құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
    2020 жылғы қазаннан 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болды.
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.

    Құрметті атақтары

    Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері.

    Мемлекеттік наградалары

    ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Парасат» орденімен және ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері