
Сапаров Ерлан Әскербекұлы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
Сапаров Ерлан Әскербекұлы 1968 жылы дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
• Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті еңбек құқығы және азаматтық процесс кафедрасының мұғалімі (08.1994-04.1995);
• Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімнің бас консультанты, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы (04.1995-04.1997);
• Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүліктерін тіркеу агенттігі директорының орынбасары (04.1997-07.1999);
• Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары (07.1999-04.2001, 04.2002-04.2003);
• Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Заңнама бөлімінің сектор меңгерушісі (05.2001-04.2002);
• Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Наркоманиямен және наркобизнеспен күрес жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары (04.2002, 04.2003-06.2003);
• Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының бөлім меңгерушісі (10.2003-07.2009);
• Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Заң шығарушылық саласын қадағалау басқармасының бастығы (08.2009-05.2011);
• Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім меңгерушісі (05.2011-08.2019);
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры (08.2019-01.2023);
• Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппараты басшысының орынбасары (01.2023 ж. бастап)





