Жатқанбаева Айжан Ержанқызы

    Конституциялық Сот судьясы

    Жатқанбаева Айжан Ержанқызы
    Қызметкерлер

    Жатқанбаева Айжан Ержанқызы

    Конституциялық Сот судьясы

    Өмірбаян

    Жатқанбаева Айжан Ержанқызы

    1972 жылғы 22 қазанда дүниеге келген .

    1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Заң ғылымдарының кандидаты (1999), заң ғылымдарының докторы (2009).

    Еңбек жолын С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде референт болып бастаған (1989–1992).

    1996–2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы қызметтерін атқарған.

    2000–2004 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, доценті болды.

    2004–2009 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

    2005–2010 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті болды.

    2010–2011 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті деканының ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2012–2022 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі болды.

    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.

    Марапаттары: 2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

    «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 10 жыл» (2005), «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» (2014), «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 20 жыл» (2015), «За вклад в развитие международных отношений» (2017), «За вклад в развитие международных отношений» (2017), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» (2025) медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

    Өзге де марапаттары:

    «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері (2009). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанған (2016). Жетекші ғалым атағына ие болған (2016).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері