
Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы
Конституциялық Сот судьясы
Өмірбаян
Оңғарбаев Еркін Әнуәрұлы
1961 жылғы 3 қыркүйекте дүниеге келген.
КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1984) «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның құрметті заңгері.
1990 жылы Мәскеу қаласында «Классификация преступлений и ее уголовно-правовое значение» тақырыбында заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.
1999 жылы Ресей ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтында (Мәскеу қ.) «Теоретические проблемы классификации преступлений по уголовному праву Республики Казахстан» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.
Еңбек жолын КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде курс бастығының саяси бөлім жөніндегі орынбасары қызметінен бастаған (1984).
КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде комсомол комитетінің хатшысы, оқытушы, аға оқытушы, доцент, бөлім бастығы қызметтерін атқарған (1984–1996).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы қызметін атқарған (1996–1997).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитеті Қарағанды жоғары мектебі басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1997–1998), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебі басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1998–1999), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оқу орындары басқармасының басшысы (1999–2000) болған.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған (2000–2003).
Қазақ гуманитарлық-заң университетінің проректоры, бірінші проректоры, вице-президенті болып жұмыс істеген (2003–2007).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы (2007–2010), «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі (2010), «Астана» университетінің ректоры (2011–2012), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры (2013–2015) қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры болған (2015–2016).
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған (2017–2018).
«Отандастар қоры» КЕАҚ басқарушы директоры болған (2019).
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып жұмыс істеген (2020–2022).
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып тағайындалған.
Марапаттары
«Құрмет» (2006), «Парасат» (2021), ІІІ дәрежелі «Барыс» (2026) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана», «10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл», «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ы. Алтынсарин», «Мемлекеттік қызмет үздігі», «Қазақстанның құрметті заңгері», «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерімен, әл-Фараби атындағы Алтын медальмен, «Жеті жарғы», «Алтын Барыс», «Ахмет Байтұрсынұлы» құрмет белгілерімен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан халқы Ассамблеясының жоғары наградасы – «Бірлік» марапатының иегері.
Ғылыми қызметі
Құқық және мемлекет, конституциялық құқық, қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық-атқару құқығы мәселелеріне, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне арналған 180-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (2022), Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі (2026) болған.





