Подопригора Роман Анатольевич

    Конституциялық Сот судьясы

    Подопригора Роман Анатольевич
    Қызметкерлер

    Подопригора Роман Анатольевич

    Конституциялық Сот судьясы

    Өмірбаян

    Подопригора Роман Анатольевич

    1966 жылғы 25 маусымда дүниеге келген.
    1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
    Ғылыми дәрежелері: заң ғылымдарының кандидаты (1993), заң ғылымдарының докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы – «Административно-правовое регулирование деятельности религиозных объединений в зарубежных странах». Профессор (2019).

    Еңбек жолын 1990 жылы С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік университетінің криминалистика кафедрасында зертханашы болып бастаған.
    1993–1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы қызметін атқарған.
    1996–2007 жылдары «Әділет» Жоғары құқық мектебі – Құқықтану академиясында доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарған.
    2007 жылдан бастап Каспий қоғамдық университетінің профессоры.
    2020–2022 жылдары Каспий қоғамдық университетінің Жария құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры болды.
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.

    Өзге де қызметі

    2000–2010 жылдары ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) сарапшылар тобы консультативтік кеңесінің мүшесі болды.
    2006–2009 және 2013–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Заңнама институтының бас ғылыми қызметкері қызметін атқарды.
    2007–2014 жылдары «ЮНИУС» заң компаниясының серіктесі, директордың орынбасары болды.
    2008, 2009 және 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне сараптамалық қорытындылар дайындауға қатысты.
    2016–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі болды.
    АҚШ-та (1995, 1998, 2002), Ұлыбританияда (1996), Венгрияда (1997), Өзбекстанда (2000), Германия Федеративтік Республикасында (2014) ғылыми тағылымдамалардан өткен.

    Марапаттары

    2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

    «Әділет» Жоғары құқық мектебінің «Үздік лекторы» (2000), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «А. Байтұрсынов атындағы Алтын медаль» (2021), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» (2025) медальдарымен марапатталған.
    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Құрмет грамотасымен (2016), «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен (2016) наградталған.

    Конституциялық және әкімшілік құқық, мемлекет пен конфессиялар арасындағы құқықтық қатынастар мәселелері бойынша көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы. Оның еңбектеріне монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары және шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар кіреді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері