Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы

    Конституциялық Сот судьясы

    Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы
    Қызметкерлер

    Қыдырбаева Айгүл Қуанышбайқызы

    Конституциялық Сот судьясы

    Өмірбаян

    Қыдырбаева Айгүл Куанышбайқызы

    1967 жылғы 21 тамызда дүниеге келген.

    С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1989) «Құқықтану» мамандығы бойынша, Экономика және құқық академиясын (2008) «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ КСР Әділет министрлігінің Заңнаманы жүйелеу және насихаттау басқармасында аға консультант болып бастады (1989–1990).
    Қазақ КСР Әділет министрлігінің Заңнаманы жүйелеу және насихаттау басқармасында консультант, жетекші консультант қызметтерін атқарды (1990–1994).
    Алматы облыстық Арбитраждық сотында тағылымдамадан өтті (1994–1995).
    Алматы облыстық Арбитраждық сотының судьясы (1995), Алматы облыстық сотының шаруашылық алқасының судьясы (1995–1996), Бостандық аудандық сотының судьясы (1996–2006), мамандандырылған қаржы сотының судьясы (2006–2010), Алматы қалалық сотының судьясы (2010–2011) қызметтерін атқарды.
    Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы (2011–2012), Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (2012–2013) болды.
    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2013–2023), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы (2015–2023) қызметтерін атқарды.
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

    Марапаттары:

    «Құрмет» орденімен (2020), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Мінсіз қызмет үшін» III дәрежелі (2016), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Қазақстан Республикасының Әскери сотына 25 жыл» (2017), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021), «Мінсіз қызмет үшін» II дәрежелі (2021), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» (2021), «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» (2022), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2022), «Мінсіз қызмет үшін» I дәрежелі (2023), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» (2025) медальдарымен, сондай-ақ «Үш би» (2017), «Қазақстанның құрметті заңгері» (2020), «За развитие конкуренции» төсбелгілерімен наградталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері