Ударцев Сергей Федорович

    Конституциялық Сот судьясы

    Ударцев Сергей Федорович
    Қызметкерлер

    Ударцев Сергей Федорович

    Конституциялық Сот судьясы

    Өмірбаян

    Ударцев Сергей Федорович

    1951 жылғы 28 тамызда дүниеге келген.
    1973 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1976 жылы ҚазМУ аспирантурасын, 1981 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің басшы кадрлардың біліктілігін арттыру институтын, 1990 жылы Қоғамдық ғылымдар академиясының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру факультетін тәмамдаған.

    Заң ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994). Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (1998), Қазақстан Заң ғылымдары академиясының академигі (2004). Қазақстанның құрметті заңгері (2015).

    1976–1982 жылдары ҚазМУ-де ассистент, 1982–1988 жылдары мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы, доценті, 1985–1987 жылдары заң факультеті деканының орынбасары, 1987–1988 жылдары заң факультетінің деканы қызметтерін атқарған.
    1988–1991 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде және Саясаттану және басқару институтында кафедра доценті, ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Докторлық диссертациясын аяқтау үшін Мәскеу қаласындағы Ресей басқару академиясының Мемлекет және құқық орталығына іссапармен жіберілген.
    1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының Ұлттық қатынастар және мемлекеттік құрылыс кафедрасының доценті болды.
    1992–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып сайланған.
    1995–1998 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінің Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
    1998–1999 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның заң бөлімінің бастығы, заң басқармасының бастығы, заң департаментінің директоры, сондай-ақ Үлбі металлургия зауыты директорлар кеңесінің мүшесі болды.
    1999–2006 жылдары «Әділет» Жоғары құқық мектебі Құқықтану академиясының профессоры, оқу жұмысы жөніндегі проректоры және Қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды.
    2006–2009 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің профессоры, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, ректоры болды.
    2009–2012 жылдары университет Президентінің кеңесшісі, 2012–2017 жылдары Құқықтық саясат және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры, 2017–2023 жылдары конституциялық заңнама және мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі қызметтерін атқарды.
    2013–2023 жылдары «Право и государство» журналының бас редакторы болды.
    2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тағайындауымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы.

    Қоғамдық қызметі

    1994–1996 жылдары Қазақстанның Жоғары аттестаттау комитеті жанындағы заң ғылымдары бойынша алғашқы сараптамалық кеңес төрағасының орынбасары, мүшесі болды.
    1996–2000 жылдары докторлық диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары (төрағасы – академик С.З. Зиманов).
    1996–2001 жылдары «Сорос – Қазақстан» қорының «Құқықтық реформа» және «Білім беру» бағдарламалары бойынша сарапшысы.
    2000–2004 жылдары Қазақстанның Жоғары аттестаттау комитетінің заң ғылымдары жөніндегі сараптамалық кеңесінің төрағасы.
    2006–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының мүшесі.
    2007–2011 және 2015–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сараптамалық кеңесінің төрағасы, 2011–2015 жылдары бірінші төраға орынбасары болды.
    2018–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі.
    2011–2022 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі.
    2019–2020 жылдары Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі.
    2015–2022 жылдары Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің төрағасы.
    2018–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшесі болды.
    2018–2021 жылдары Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Ұлттық зерттеу университеті «Жоғары экономика мектебі» және Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы жанындағы диссертациялық кеңестердің мүшесі болды.
    2022–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі.
    2023 жылдан бастап «Конституциялық сот төрелігі» халықаралық журналының (Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының хабаршысы) редакциялық алқа төрағасы.
    Қазақстандық және шетелдік бірқатар ғылыми журналдардың редакциялық кеңестері мен редакциялық алқаларының мүшесі.

    Марапаттары

    2023 жылы «Құрмет», 2026 жылы «Парасат» ордендерімен, сондай-ақ 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісімен қоса берілетін Алғысымен марапатталған.

    «КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің үздік студенттік ғылыми жұмысы үшін» (1973), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «10 жыл Астана» (2008), «Қазақстан Республикасына 20 жыл» (2011), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» (2013), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021), «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» (2022), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» (2025) медальдарымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008), «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2013) төсбелгілерімен және өзге де наградалармен марапатталған.

    Қоғамдық наградалары: Қазақстан заңгер-профессорлары арасындағы алғашқы республикалық байқаудың жеңімпазының атаулы медалі (2005), Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының «А. Байтұрсынов» медалі мен «Үздік автор» дипломы (2005), Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының «Абай» медалі, Қазақстан заңгерлер одағының «Қазақстанның құрметті заңгері» атағы (2015), сондай-ақ Қазақстан судьялар одағының «Жеті жарғы» төсбелгісі.

    Корпоративтік наградалары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылғанына 10 жыл» медалі (2007), Қырғыз мемлекеттік заң академиясының «Құрметті профессоры» атағы (2012), ҚазГЗУ-дың «Ерен еңбегі үшін» медалі (2014), К.Э. Циолковский атындағы Ғарыш тарихы мемлекеттік музейінің «К.Э. Циолковский» дипломы мен төсбелгісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Лев Гумилев» төсбелгісі (2022), М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің «Professor Emeritus» дипломы мен төсбелгісі (2025) және басқа да марапаттары бар.

    Ғылыми еңбектері

    Конституциялық даму, құқық және мемлекет теориясы, құқықтық және саяси ілімдер тарихы, жоғары білім беру мәселелері, заң ғылымының тарихы бойынша жарияланған **600-ден астам ғылыми еңбектің** авторы.

    Олардың қатарында: «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы. Ежелгі Шығыс: академиялық курс» (Санкт-Петербург, 2007), «Ұстаздар мен әріптестер. ХХ – ХХІ ғасыр басындағы Қазақстан заң ғылымының тарихынан» (Алматы, 2011), «Конституция және қоғам эволюциясы (құқық философиясы мен жалпы құқық теориясының мәселелері)» (Санкт-Петербург, 2015), үш томдық «ХХ – ХХІ ғасыр басындағы Қазақстанның көрнекті заңгер-ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық» (жалпы редакциясын басқарған С.Ф. Ударцев, Астана, 2017), «Қазақстан: 2017 жылғы конституциялық реформа» (Астана, 2018), «Құқық пен мемлекет институттар және идеялар ретінде: өткені, бүгіні және болашағы» (Мәскеу, 2022).

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясына түсіндірмелердің (2010, 2015, 2018 жылдардағы басылымдар), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Конституциялық Соты шығарған ғылыми мақалалар жинақтарының (2025 және кейінгі басылымдар) тең авторы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері