
Асылова Бибігүл Амангелдіқызы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының басшысы
Өмірбаян
Асылова Бибігүл Амангелдіқызы 1975 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген
«Нархоз» университетін бітірген – экономист (1996)
Көкшетау облыстық қаржы басқармасының жетекші маманы (1996-1997);
Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы басқармасының бас маманы (1997-1998);
ҚР Қаржы министрлігінің Бюджет департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасы Білім және ғылым бөлімінің бас экономисі (1998-2001);
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасының Білім және ғылым бөлімінің бастығы (2001-2002);
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаменті Білім, ғылым, мәдениет, спорт және БАҚ басқармасының бастығы (2002-2004);
ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры (2004-2007);
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаментінің директоры (2007-2009);
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры (2009-2010);
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің директоры (2010-2011);
ҚР Қаржы министрлігінің Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларының орындалуын жоспарлау, талдау және іске асырылуын бағалау департаментінің директоры (2011-2013);
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау департаментінің директоры (2013-2014);
ҚР Қаржы министрлігінің Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры (2014-2016);
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі (2016-2022);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі (2022-2026);
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының басшысы (2026).
«Құрмет» орденімен (2018), «Ерен еңбегі үшін» (2011) мемлекеттік медалімен марапатталған.

