Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығы. Агенттік стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистика салаларына және реформалар жүргізуге жетекшілік етеді.
Агенттіктің мақсаты – мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және халықтың әл -ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді реформаларды дайындау.
Агенттік стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты даярлайды, дамудың стратегиялық жоспарларының жүзеге асуын бағалап, мониторинг жүргізеді, мемлекеттік басқарудағы жаңа жүйені әзірлеуге жауапты негізгі орталық қызметін атқарады.
Құрамындағы Ұлттық статистика бюросы арқылы Агенттік статистика саласындағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және жүзеге асыру функцияларына ие.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.
Жаңалықтар
АшуСЖРА Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының «Теңгерімді экономикалық даму жолында» атты халықаралық экономикалық конференциясына қатысты
АшуСЖРА мен Халықаралық көші-қон ұйымы көші-қон саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
АшуIFC Қазақстанға инвестиция көлемін ұлғайтып, жобалар портфелін кеңейтуді көздейді
АшуҚазақстан Дүниежүзілік банктің металдар мен минералдар секторын дамыту жөніндегі бастамасына қосылды
АшуҚазақстан АДБ-ның жыл сайынғы жиналысын өткізу орны ретінде қарастырылуда
АшуДеректерден шешімдерге: Қазақстан халықаралық әріптестермен ұлттық статистиканың болашағын талқылады
Оқиғалар
2021 жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді
2021 жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді. Күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылады деп жоспарланып отыр. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Ұлттық жобалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасайды.
2021 жылдың 17 қыркүйегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтеді
2021 жылдың 17 қыркүйегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібі: 1. СЖРА Ұлттық Талдау орталығының қызметі. Баяндамашы – Кайрбеков У.К. СЖРА ҰТО директоры Мемлекеттік статистика саласындағы заңдылықты жетілдіруге қатысты іс-шаралар туралы. Баяндамашы – СЖРА Ұлттық Статистика Бюросының Төрағасы Н.Айдапкелов. 3. Қазақстан Республикасының төменкөмірсутекті дамуы Доктринасы туралы. «Жасыл Академия» ғылыми білім орталығының директоры Б.Есекина
2021 жылдың 1 шілдесінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді
Жиынға үш мәселе шығарылады: ұлттық жобаларды қарастыру мен талқылау, Президент кеңесшісі С. Чакрабартидің ұсыныстары негізінде әзірленген Gap analysis жүзеге асыратын Жол картасы, жергілікті басқаруды дамыту Концепциясы. СЖРА Төрағасы Қ.Келімбетов Агенттік пен Үкіметтің дайындаған он ұлттық жобасын және 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспары мен жалпыхалықтық басымдықтар туралы баяндайды.
2021 жылдың 28 мамырында ҚРСтратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтеді
2021 жылдың 28 мамырында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтеді. Күн тәртібі: СЖРА Қоғамдық Кеңесі Төрағасын сайлау. СЖРА Қоғамдық Кеңесі хатшысын сайлау. СЖРА Қоғамдық Кеңесі Ережесін бекіту. СЖРА Қоғамдық Кеңесі 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. СЖРА жұмысындағы негізгі басым бағыттар туралы. Халық санағына қатысты нормативтік құқықтық актілерді дайындау туралы.
2021 жылдың 21 сәуірінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді
Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылады. Ұлттық жобаларды әзірлеу жұмыстары жайында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасайды. «Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасының трансформациясы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтады. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2026 жылға дейінгі ұлттық жоспары туралы айтады. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «жаңадан» реттеу тетіктерінің енгізіліп жатқаны жөнінде баяндама жасайды. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жайындағы ұсыныстарын баяндайды.
Сұрақ-жауап
Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың қандай негізгі қағидаттары бар?
1) мәнінің пішіннен басымдығы — нақты және өлшенетін нәтижесінің оған қол жеткізу бойынша жұмыс пішінінен басымдығы; 2) әдепкі бойынша цифрландыру — мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өзара цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимылының басымдығы; 3) басқарушылық жауапкершілік — нақты басшының құзыреті аясына кіретін мәселелерді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге және келісуге жол бермеу; 4) үздіксіз жетілдіру — бюрократияны қысқартуды, жүйелік реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын мемлекеттік аппараттың ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау; 5) регламенттеудің оңтайлылығы — мемлекеттік органдардың қызметін регламенттеудің оңтайлы қажетті деңгейін белгілеу, жеткіліксіз негізделген жаңа бюрократиялық талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі деген не?
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі – бұл ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) және орта мерзімді (бір жылдан қоса алғанда 5 жылға дейін) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, процестер мен деректерді басқару қағидаттары мен элементтерінен тұратын өзара байланысқан құрамдастар кешені.
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 260 бұйрығымен бекітілген) кешенді жоспар әзірлеу көзделеді. Кешенді жоспар қандай құрылымдық элементтерді қамтиды? Оны әзірлеу қандай құжаттар және шешімдер негізінде жүзеге асырылады?
Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша дамудың маңызды салалық мәселелерін жедел шешу үшін 5 жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді. Кешенді жоспардың құрылымына мыналар кіреді: паспорт, күтілетін нәтижелер, іс-шаралар (нақты іс-қимылдар), іс-шараларды аяқтау нысаны, іс-шараларды орындау мерзімдері, жауапты орындаушылар, қаржыландыру көлемі, қаржыландыру көздері.
Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығының негізгі мақсаты қандай?
Жарлықтың мақсаты — мемлекеттің бизнеске қатысуын азайту, жеке секторды дамыту, реттеуді жеңілдету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту есебінен неғұрлым бәсекеге қабілетті және ашық экономиканы қалыптастыру.
Сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру үшін не қажет?
Сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру үшін келесі міндеттерді іске асыру қажет: - клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; - стратегиялық және бюджеттік жоспарлау тәсілдерін, сондай-ақ реформаларды жүргізу тетіктерін жетілдіру; - оңтайлы әрі тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; - азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген проактивті мемлекеттік қызметтерге көшу; - адами ресурстардың сапасын арттыру және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін күшейту; - тиімді, оңтайлы және ашық квазимемлекеттік секторды қалыптастыру; - жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіру; - бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау; - сервистік мемлекет моделін қалыптастыру мақсатында сот жүйесін, мемлекеттік басқаруды және құқық қорғау жүйесін трансформациялау.
Мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының «бірыңғай терезесі» дегеніміз не және ол не үшін құрылады?
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай орталық, яғни «бірыңғай кіру нүктесі» құрылатын болады. Осы жүйе арқылы азаматтар әртүрлі мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау мүмкіндігіне ие болып, өз мәселелерін ыңғайлы әрі жедел шешуге қол жеткізеді. «Бірыңғай терезенің» негізгі мақсаты – мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін қамтамасыз ету.