Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 260 бұйрығымен бекітілген) кешенді жоспар әзірлеу көзделеді. Кешенді жоспар қандай құрылымдық элементтерді қамтиды? Оны әзірлеу қандай құжаттар және шешімдер негізінде жүзеге асырылады?
Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша дамудың маңызды салалық мәселелерін жедел шешу үшін 5 жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді.
Кешенді жоспардың құрылымына мыналар кіреді: паспорт, күтілетін нәтижелер, іс-шаралар (нақты іс-қимылдар), іс-шараларды аяқтау нысаны, іс-шараларды орындау мерзімдері, жауапты орындаушылар, қаржыландыру көлемі, қаржыландыру көздері.