Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі – қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, тиімді, әділ, ашық әрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған.
Осы мақсатта «белсенді тыңдау» құралдарын кеңейту, сондай-ақ қолданыстағы тетіктерді жетілдіру және жаңа құралдарды енгізу арқылы халықпен өзара іс-қимылдың дәстүрлі арналары нығайтылатын болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің – «Адам бәрінен бұрын» қағидатын іске асыру шеңберінде мынадай шараларды жүзеге асыру көзделеді:
1) Халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысын жүйелі түрде мониторингтеу және талдау;
2) Бұқаралық ақпарат құралдарынан, үкіметтік емес ұйымдардан және халықтан келіп түсетін сұраныстарға жедел ден қою;
3) Мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылы үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жүйе құру;
4) Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және проактивтілігін қамтамасыз ету.