Сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру үшін келесі міндеттерді іске асыру қажет:
- клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
- стратегиялық және бюджеттік жоспарлау тәсілдерін, сондай-ақ реформаларды жүргізу тетіктерін жетілдіру;
- оңтайлы әрі тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
- азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген проактивті мемлекеттік қызметтерге көшу;
- адами ресурстардың сапасын арттыру және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін күшейту;
- тиімді, оңтайлы және ашық квазимемлекеттік секторды қалыптастыру;
- жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіру;
- бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- сервистік мемлекет моделін қалыптастыру мақсатында сот жүйесін, мемлекеттік басқаруды және құқық қорғау жүйесін трансформациялау.