Мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының «бірыңғай терезесі» дегеніміз не және ол не үшін құрылады?
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай орталық, яғни «бірыңғай кіру нүктесі» құрылатын болады.
Осы жүйе арқылы азаматтар әртүрлі мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау мүмкіндігіне ие болып, өз мәселелерін ыңғайлы әрі жедел шешуге қол жеткізеді.
«Бірыңғай терезенің» негізгі мақсаты – мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін қамтамасыз ету.