Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, құқық қорғау жүйесі мемлекеттің азаматтар мүддесіне қызмет етуінің жаңа стандарттарын қалыптастыруда негізгі рөл атқаратын болады.
Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін бағалаудың басты өлшемдерінің бірі халықтың сенім деңгейі болады. Осы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметін сервистік модельге көшіру жұмыстары жалғасады. Бұл ретте негізгі назар құқық бұзушылықтардың салдарымен күресуден олардың алдын алуға аударылады.
Құқық қорғау органдары әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген сервистік модель талаптарына сәйкес трансформацияланып, халықтың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге және азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.
Құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін күшейту үшін кадрларды кәсіби іріктеу сапасы жетілдіріліп, қызметке қабылдау және қызметтік өсу кезінде меритократия қағидаты қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, заманауи тәсілдер мен цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қызметкерлердің кәсіби дамуы үздіксіз қолдау табатын болады.