СЖРА мен Халықаралық көші-қон ұйымы көші-қон саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі төрағасының орынбасары Әділ Құсманов Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) миссиясының басшысы Серхан Актопракпен кездесу өткізді.

    СЖРА мен Халықаралық көші-қон ұйымы көші-қон саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

    Кездесу барысында тараптар көші-қон деректері мен үдерістерін талдау, олардың әлеуметтік-экономикалық ықпалын бағалау және алынған мәліметтерді мемлекеттік жоспарлау кезінде пайдалану бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

    Қазақстан үшін ішкі және сыртқы көші-қон үрдістерін түсіну еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау тұрғысынан маңызды.

    Ресми статистиканы халықтың ұтқырлығы туралы қосымша деректермен салыстыру көші-қон үрдістерін болжау, ықтимал теңгерімсіздіктерді анықтау және көші-қон өзгерістерінің ұзақ мерзімді салдарын бағалау үшін пайдаланылатын талдамалық базаны кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ кездесу барысында ХКҰ жүргізіп жатқан Еуропалық одақ елдерінің шетелдік студенттер мен жоғары білікті мамандарға қатысты көші-қон заңнамасын талдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Таланттарды тарту және елде ұстап қалу тәсілдерін зерделеу Қазақстанның тиімді көші-қон саясатын қалыптастыру және адами капиталды дамыту тұрғысынан маңызды.

    Тараптар бұдан әрі өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері жөнінде де пікір алмасты. Атап айтқанда, бірлескен зерттеулер жүргізу, сараптамалық біліммен алмасу және көші-қонды талдау мен болжау құралдарын жетілдіру кезінде халықаралық тәжірибені пайдалану мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар тараптар көші-қон мәселелері бойынша елдер арасындағы диалогты дамытуға, тәжірибе алмасуға және ортақ көші-қон міндеттерін шешу тәсілдерін келісуге арналған өңірлік алаңды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын пысықтауға және бірлескен жұмыстың ықтимал нысандарын айқындауға мүдделілік білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі" жаңалықтары