Еңбек ұжымымен семинар-кеңес өткізілді

    1 / 2

    Еңбек ұжымымен семинар-кеңес өткізілді

    Департаменттің бөлім басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы А.Мамадалиевтің тарапынан Шымкент қаласының білім басқармасының «Балалар көркемсурет мектебі» МКҚК ұжымында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында арнайы семинар -кеңес өткізілді.

    Семинар-кеңес барысында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан Еңбек Кодексінде айқындалған жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша құқықтары мен міндеттері, оның ішінде кәсіптік тәуекелге бағалау және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлеріне ауыстыру арқылы оны барынша азайту және болғызбау жөнінде шаралар қолдану, жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімдерін тексеруді өткізу, өз қаражаты есебінен өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз ету, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және білімін тексеруді ұйымдастыру, жұмыс орындарының қауіпсіздігі, медициналық қарап-тексеруден өту талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жан-жақты пікірлер алмасылды.

    Семинар-кеңес соңында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан қатысушылардың қойған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары