"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті

    Департамент туралы

    «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЭфирде

    Жұмыскерлердің еңбек құқықтары бойынша ақпараттық-түсіндіру науқаны

    Жұмыскерлер мен жұмыс берушілермен кездесулер өткізу, еңбек заңнамасы, еңбек шарттарын жасасу, еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    1 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысЖақында

    Еңбек күніне арналған ауқымды форум

    Жасампаз еңбектің маңыздылығына, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға, кәсіби дамуға және жұмыскерлердің еңбек жетістіктерін мойындауға арналған форум. Іс-шара аясында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау жоспарлануда.

    27 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысЖақында

    Қазақстандағы Еңбек күні

    Еңбектің маңыздылығына, жұмыскерлердің кәсібилігіне, жұмысшы мамандықтарды дамытуға және еңбек жетістіктеріне арналған салтанатты іс-шаралар. 2026 жылы министрлік Еңбек күніне орай ауқымды форум өткізуді жоспарлап отыр.

    27 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Республикалық «Еңбек жолы» конкурсы

    Еңбектің беделін арттыруға, еңбек дәстүрлерін сақтауға және кәсіби жетістіктерді мойындауға бағытталған кәсіпорындар жұмыскерлері арасындағы конкурс. Байқау аясында үздік еңбек әулеті, үздік жас жұмыскер және үздік тәлімгер номинациялары қарастырылған.

    1 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда ол не істеуі керек?

    Жауап

    Жұмыскер өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы жұмыс берушіге немесе тікелей басшысына дереу хабарлауы тиіс. Жұмыс беруші анықталған қауіпті жою және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауға міндетті.

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Жұмыстың сипаты мен еңбек жағдайларына байланысты жұмыс беруші жұмыскерлерді қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге және олардың дұрыс пайдаланылуын бақылауға міндетті.

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуге міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Жұмыс беруші жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру және білімін тексеруді белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруға міндетті.

    ·