Департаменттегі аппараттық мәжіліс

    1 / 4

    Департаменттегі аппараттық мәжіліс
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Мақұлбав басым бағыттар бойынша аппараттық мәжіліс өткізді.
    Мәжлісте департамент басшысының орынбасары С.Алиманов ішкі тәртіп бойынша, тіркелген арыздармен жеке қабылдауға келген азаматтардың шағымдарының шешілуі жайында баяндады. Әлеуметтік желідегі департамент парақшасына жарияланған материалдар бойынша білдірілген пікірлерге назар аударып, теріс пікірлерге жедел жауап беру керектігіне басымдық беруді ескертті. Бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Мамадалиев, Ғ.Шарипов, У.Рустемова орындаушылық тәртіп, еңбеке қатынастарына байланысты, еңбек шарттарын жүйеге енгізу, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың мән-жайы туралы толық мағұлымат беріп, шешу жолодары талқыланды.
    Сонымен қатар, Департамент басшысы Ж.Мақұлбаев салтанатты түрде департаменттің келісіп шарт бойынша қызметкері Н.Т.Уразгалиеваға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының алғыс хатын бабыс етіп жұмыстарына сәттілік тіледі.

    1. Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС)
    Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.


    2.Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕСУТД)
    ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары